Юридическое и бухгалтерское сопровождение бизнеса. Информационные услуги.

Расширенный поиск компаний
 

Законопроекты

  • Проект постановления Правительства Республики Казахстан «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 452 «Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности»
    Подробности »
  • Проект приказа Министра связи и информации «О внесении изменений в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 220 «Об утверждении Правил регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет»
    Подробности »
  • Проект приказа «О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 17 ноября 2010 года № 388 «Об утверждении перечня документов, подтверждающих происхождение товара»
    Подробности »
  • Проект постановления Правительства Республики Казахстан «О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2004 года № 1389 «О некоторых вопросах Национальной железнодорожной компании и национальных перевозчиков»
    Подробности »
  • Проект Решения Комисиии Таможеного Союза «О введении обязательного предварительного информирования о товарах, ввозимых на таможенную территорию Таможенного союза автомобильным транспортом»
    Подробности »

Курсы валют

Курсы валют представлены нацбанком РК.

Скачать

Налоговый календарь на 2011 год, Казахстан

Для просмотра этого файла рекомендуем установить Foxit Reader. Он бесплатный.

Зарплата в Казахстане

Средняя з/п
120 975 тенге тг.
Минимальная з/п
21 364 тг.
Информация предоставлена агентством Республики Казахстан по статистике.
Месячный расчётный показатель
1982 тг.
Юмор

"Ни дать, ни взять" - встреча бизнесменов с чиновниками в присутствии телекамер.

Асқаралы асулар айқындалды

12/02/2011

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезекті  ХІІІ съезі болып өтті. Онда Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ сөз сөйледі

Қазақстан Президенті өзінің сөзін «Нұр Отан» партиясының съезі біз үшін қастерлі меже – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтуде, деп бастап, осыдан жиырма жыл бұрын біздің дербес даму жолына түскенімізді атап көрсетті. Бұл жол шын мәнінде ел тарихындағы жаңа дәуірдің бастауына – жасампаздық пен қарышты дамудың даңғылына айналды, деді Президент.

Біз алға биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе алатынымызды ең әуелі өзімізге және өзгеге дәлелдей білдік, деп жалғады сөзін Мемлекет басшысы. Қазақстанның бұл бірегей жолы қоғамдық келісім мен халқымыздың бірлігі, болашаққа деген берік сенімі нәтижесінде жүзеге асты. Біздің жеңісті де жемісті жолымыздың негізінде қашанда басты құндылығымыз – Тәуелсіздік тұрды. Біз оның жиырма жылдық мерейтойын лайықты қарсы алуға тиіспіз. Сондықтан, «Нұр Отанның» алдында Тәуелсіздік мерейтойын өткізу ісіне белсене қатысу міндеті тұр.

Қазақстан басшысы келесі кезекте съезд партия тарихындағы айрықша биік белес боларына сенетінін білдірді. Өйткені, деді, Президент біз тұтас он жылға арналған ұзақмерзімді жаңа партиялық бағдарламаны қабылдағалы отырмыз. «Отандастар» республикалық акциясы барысында 2 миллионнан астам ел азаматы өз пікірлерін жолдады. Олар шын мәнінде жаңа бағдарламаның өмірге келуіне үлкен үлес қосты.

Елбасының атап көрсеткеніндей, тарихқа көз жүгіртсек, елді жаңғырту ісі саяси партиялардың жауапкершілігіне жүктелген сәттер аз болмаған. Мысалы, Жапонияның Либерал-демократиялық партиясы аграрлық елді қазіргі заманғы қуатты державаға айналдырды. Германияда Христиан-демократиялық одақ Христиансоциалды одақпен бірлесіп, үлгі боларлық әлеуметтік мемлекет құрды. Осылай деген Президент біздің Шарль де Голльдің ұран тастауы арқылы құрылған партия жүргізген жаңғыртуды ұмытпайтынымызды атап айтты. Жаңа дәуірге бастайтын реформаларды табысты жүзеге асыру ісі біздің партиямызға өркенді өзгерістер көшбасшысына айналуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы елді жаңғырту ісіне жетекшілік етуге тиіс, деді Мемлекет басшысы.

Сіздерге Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізу бастамасымен байланысты оқиғалардың қалай өрбігені белгілі. Бес миллионнан астам қазақстандықтарды біріктірген осы идея төңірегінде «Қазақстан-2020» демократиялық күштерінің қоғамдық коалициясы қалыптасты. Аталған бастаманы қолдаған барлық қазақстандықтарға шынайы ризашылығымды білдіремін, деп сабақтады сөзін Елбасы. Мен үшін ел Президенті ретінде халықтың сенімі бәрінен де жоғары. Тек еліміздің жоғары мүдделерін басшылыққа алған мен референдумның орнына мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдадым. Және бұл қадамға менің өкілеттік мерзімім екі жылға дерлік қысқаратынына қарамастан бардым. Қоғамда аталған шешім дұрыс және оң қабылданды.

Мемлекет басшысы бүгін «Нұр Отан» партиясының жоғары органы өзінің кандидатурасын ел Президенті қызметіне ұсынғанын көлденең тартты. Бұл шешімді мен жасап жатқан жұмыстарыма қолдаудың көріністері деп қарастырамын. Осы үшін өзімнің серіктестеріме айрықша алғысымды жеткізгім келеді. Әркез айтып келдім және тағы да мәлімдеймін, егер оған халықтың еркі болса, мен елім үшін жұмыс істеуге дайынмын. Сондықтан алдағы сайлауда президенттікке баламалы түрде түсуге өзімнің келісімімді беремін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан халқы жүргізіліп келе жатқан бағытты қолдайды деп сенемін. Бұл басталған істі жалғастырып, қазақстандықтардың өмірін қазіргіден де жақсартуға, сөйтіп, ел игілігі үшін жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.

Ал «Нұр Отан» партиясы мен оның төңірегіне топтасқан Демократиялық күштердің коалициясы жүргізіліп келе жатқан саясатқа кең қолдауды қамтамасыз етеді. Бәріміз бірге жеңіске жететінімізге сенімдімін! Бүгін біз мен өзімнің 2005 жылғы сайлауалды бағдарламамда алға қойған барлық міндеттер орындалды деп сенімді түрде мәлімдей аламыз. Біз жеті жылда атқарамыз деп жоспарлаған жұмыстарымызға мерзімінен бұрын, бес жыл ішінде қол жеткіздік!

Біріншіден, деді осы орайда Президент, қазақстандықтардың әл-ауқатының сапалы өсіміне қол жеткіздік. Бір қазақстандықтың ІЖӨ көлемінің қазіргі көрсеткіші 9 мың доллар болса, біз бұған тек 2012 жылы ғана жетеміз деп есептеген едік. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлем елдерінің үштен бірінің қатарында тұр! Еңбекақының, зейнетақы мен жәрдемақының орташа айлық өсім көрсеткішіне жоспарланғаннан екі жыл бұрын қол жеткіздік. Және мұның барлығы әлемдік дағдарыспен байланысты қиындықтарға қарамастан мүмкін болды.

Екіншіден, мен осыдан бес жыл бұрын уәде бергенімдей, біздің экономикамыз жыл сайын орташа есеппен 7-8 пайыз өсіп отырды, деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Үшіншіден, ауылды көтерудің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылды. Қазақстан ұн экспорты жөнінен әлемде бірінші орынға шықса, бидай экспорты бойынша жетінші орын алады.

Төртіншіден, инфрақұрылым жедел дамыды. Жаңа электр тарату желілері мен энергетика нысандары салынды. Елдің оңтүстігіндегі қуат көзі тапшы өңірлерді электрмен қамтамасыз ету ұлғая түсті. Біз құрлықтық және трансқұрлықтық магистральдар салып жатырмыз. Бұл – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолы, Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік беретін «Қорғас – Жетіген» және «Қазақстан – Түркіменстан – Иран» темір жолы.

Бесіншіден, шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі қазірдің өзінде кем дегенде 30 пайызды құрайды. Біз кәсіпкерлерді қолдаудың кешенді шараларын қабылдадық. Жекеменшікті қорғаудың құқықтық тетіктері күшейтілді. Барлық мемлекеттік органдар үшін шаруашылық субъектілерін тексерудің біртұтас қағидаттары бекітілген заң қабылданды.  Жеке бизнес қызметіне негізсіз араласудың жауапкершілігі күшейтілді. Мемлекеттік лицензиялаудың барлық жүйесін оңтайландыру жөніндегі жұмыстар да табысты жүргізілуде.

Бизнесмендерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет электронды пішінге ауыстырылуда. Мұның барлығы бизнеске әкімшілік қысымды барынша төмендету үшін жасалып жатыр. Экономиканың барлық салаларында қазақстандық мазмұнды арттыру мәселелері менің жеке бақылауымда тұр. Қазірдің өзінде Қазақстан аса қолайлы бизнес-ахуал көрсеткіші бойынша әлемде 59-шы орын алады.

Алтыншыдан, деп жалғады сөзін Президент, «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы табысты аяқталып келеді. Қазақстан білім беруді реформалау бойынша әлемдік рейтингте көш бастап келеді. Халық денсаулығының түйінді көрсеткіштері түбірінен жақсару үстінде.

Жетіншіден, демократиялық реформалар бағдарламасы жүзеге асырылды. Сайлау және сайлану құқығы, партиялар құру, діни сенім-наным еркіндігіне құқық, сөз бостандығы мен басқа да мәселелерге құқық секілді жалпыадамзаттық құндылықтар табысты жүзеге асырылуда. Парламенттің өкілеттігі кеңейтіліп, Үкіметтің депутаттар алдындағы есептілігі күшейтілді және құқық қорғау органдарын реформалау табысты жүргізілді. Жергілікті өзін өзі басқару туралы жаңа заң қабылданып, сайлау, партиялар, БАҚ туралы заңнамалар жаңартылды.

Мемлекет басшысы осылайша 2005 жылғы қыркүйекте  «Нұр Отан» партиясының сайлауалды форумында берген уәделерінің барлығы мерзімінен бұрын орындалғанын атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында біз ел алдына қойған барлық міндеттерге толықтай қол жеткіздік. Бұған нақты цифрлар айғақ бола алады. 1994 жылдан бері ай сайынғы номиналды еңбекақы көлемі 45 есе өсті. Он жылда табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз тұрғындардың үлесі 4 еседен астамға кеміді. Зейнетақының орташа көлемі 6 есе өсті. ТМД-ның еш жерінде зейнетақымен қамтамасыз етудің  Қазақстандағыдай жүйесі жоқ. Бізде 13 зейнетақы қоры жұмыс істейді. Оларда 2,3 триллион теңге жинақталған.

Осылай деген Елбасы өзінің тапсырмасы бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы көлемдері 30 пайызға көбейгенін көлденең тартты. Ал 1 шілдеден бастап бюджет саласы  қызметкерлерінің еңбекақысы да 30 пайызға өсетінін атап айтты.

1991 жылы, деп жалғады сөзін Президент, жеке автокөлік иелері сегіз жүз мың шамасында болса, 2010 жылы екі жарым миллионға жуықтады.

Өткен онжылдықта  750-ге жуық жаңа мектеп салынды. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толықтай қамтуға бағытталған «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Тек өткен жылы ғана 90 мыңнан астам бала жаңа балалар бақшасына барды. Ең қиын жылдары біз «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыра бастадық. Оның аясында қазірдің өзінде 3,3 мыңнан астам маман білім алса, бүгінде әлемнің үздік жобаларында 2,7 мыңнан астам жас қазақстандық оқып жүр. Қазіргі кезде ондаған мың қазақстандық отбасылары балаларын шетелде оқуға өз беттерінше жіберуде. Бұл – әл-ауқат өскенінің маңызды көрсеткіші.

Мемлекет басшысы өткен онжылдықта денсаулық сақтау саласы шығындары он есеге ұлғайғанын екпін түсіре айтты. Соның нәтижесінде,  Қазақстандағы демографиялық ахуал жақсарған. Тұрғындардың табиғи өсімі 3 есеге жуық артқан. Біздің сегіз жүз мың шамасындағы отандасымыз Отанына оралса, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында орналасу үшін көмек алған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, Қазақстан Ұлттық қорды қоса алғандағы сомасы 63 миллиард долларды құрайтын халықаралық резерв деңгейі бойынша 50 мемлекеттің қатарына кірген. Шағын және орта бизнесте жеті жүз мыңға жуық шаруашылық субъектісі өкілдік етсе, оларда 2,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Экономикаға 122 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылған. Ұлттық әл-ауқат деңгейі бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан өткен жылы 50-ші орын алды.

Еліміз үшін аса маңызды Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, деді одан әрі Президент. Тек  2010 жылы ғана жалпы құны 800 миллиард теңгеден асатын 152 жаңа нысан қатарға қосылды. 1995 жылы экспорт көлемі 5,3 миллиард долларды құраса, ал 2010 жылы 60 миллиард долларға жуықтады. Бұл – өсім 11 еседен астам көп деген сөз. Ресей, Қазақстан және Беларусьтің қатысуымен құрылған Кедендік одақ бізге тұрғындары 170 миллион адам шамасындағы және қосарланған ІЖӨ-сі 1,4 триллион доллар болатын байтақ базар ашты.

Біз жаңа елорда – Астана тұрғыздық, деді Мемлекет басшысы сөзін сабақтай келіп. Бұл – біздің Тәуелсіздігіміздің ең жарқын беті және көмескіленбейтін символы. Бүгінде Қазақстан – бүкіл Орталық Азияның тартылыс орталығы. Біз ТМД мен Балтия мемлекеттерінен алғаш болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық миссиясын лайықты орындап шықтық. 11 жылғы үзілістен кейін осы ұйымға қатысушы мемлекеттер басшыларының Саммитін табысты өткіздік. ЕҚЫҰ-ның Астана Декларациясы тұңғыш рет «Еуразиялық қауіпсіздік» және «Астана рухы» ұғымдарын айқындады. Осылайша тәуелсіз даму жылдарында біз жаңа мемлекет, жаңа қоғам құрып, қазақстандықтардың жаһанданған дүниеде өмір сүріп, жұмыс істей алатын жаңа ұрпағын тәрбиеледік. Біздің экономикадағы және әлеуметтік дамудағы табыстарымыз, сыртқы саясаттағы – ЕҚЫҰ Саммиті, Азиада өткізу – патриотизм деңгейін жоғары көтеріп, барлығымызды біріктіре түсті. Осы күндерде барлық қазақстандықтарды біздің ортақ Отанымыз үшін ұлы мақтаныш сезімі биледі.

Біз қол жеткен табыстарымызға тоқмейілсу ниетінен аулақпыз, деп жалғады сөзін Нұрсұлтан Назарбаев. Менің бұдан арғы жолымызды қалай бағдарлайтыным «Қазақстан-2030» Стратегиясында, еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы жоспарында және жаңа Жолдауымда мазмұндалған. Міне, мұның өзі болашақтың іс-қимыл бағдарламасы болып табылады.

Жолдауда мен жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды ұсындым. Жоғары табыс, мықты денсаулық, жайлы баспана, белсенді еңбек бағдары – осылар бәсекеге қабілетті адамның жиынтығы. Мен әр қазақстандықты осындай сипатта көргім келеді.

Мемлекет басшысы өзінің сөзінде алдымызда тұрған бірқатар шешуші басымдықтар туралы әңгімеледі. Бірінші мәселе ретінде  қазақстандықтар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мән берілді. Алдағы он жылдықта біз жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендетеміз. 2014 жылға қарай сомасы 8,1 триллион теңге болатын 294 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жүз мыңдаған жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады. Жаңа еңбекпен қамту стратегиясының басты мақсаты – азаматтардың табыстарын арттыру.  Қазақстандықтар – жаңа бағдарламаға қатысушылар оқуға және жаңа кәсіптер меңгеруге дайын тұрулары керек. Өздерін өздері жұмыспен қамтып жүргендерді еңбекке  орналастырудың мәні осында.

Индустрияландыру картасы мен «Бизнестің жол картасы – 2020» жобаларының негізінде кеңейіп келе жатқан индустриялық секторға қажетті мамандықтарды анықтау бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Оқыту бағдарламалары мамандықтардың осындай тізіміне байланатын болуы тиіс. Мемлекет тегін оқытуды, оқитын жерге дейінгі жолақыны және оқитындарға стипендия төлеуді қаржыландыратын болады. Жұмыс істеп, жақсы тұру үшін бұдан артық не керек? Мұндай бағдарлама әлемнің еш жерінде жоқ, деді Президент.

Біз сондай-ақ ауыл кәсіпкерлігін дамытатын боламыз. Бұл міндетті шешудің негізі – жеке шағын бизнес ұйымдастыруға бағдарланған  микронесиелеу. Егер еңбекпен қамтудың жаңа бағдарламасына қатысушылар тұрғын жерлерінде жұмысқа тұра  алмаса, Үкімет кейін олардың нақты бір кәсіпорынға жұмысқа орналасуын қамтамасыз ететіндей «экономикалық өсім нүктелеріне» қоныс аударуына ықпал жасаулары тиіс. Азаматтардың осындай категориялары үшін арзан жалдық тұрғын үй құрылысы тетігін ойластырып, оны жеңілдікпен ұсыну жағын қарастыру қажет. Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде еңбекпен қамту бағдарламасын іске қосып, кем дегенде 50 мың адамды қамтуды тапсырамын. Республикалық бюджетте оны жүзеге асыруды қаржылай қамтамасыз етуді қарастыру қажет. 2015 жылға қарай бағдарламаға қатысушылар саны шамамен 1,5 миллион адамды құрауы тиіс. Нәтижесінде, кедейшілік деңгейі 6 пайызға азаюы керек. Үкіметке, облыс әкімдеріне отандық және шетелдік компаниялармен олардың осы бағдарламаға қатысуы және жаңа жұмыс орындарын құруы үшін жұмыстар жүргізу қажет.

Осылай дей келе, Мемлекет  басшысы 2020 жылға қарай әлеуметтік көмек көрсетудің бастапқы деңгейі өмір сүрудің ең төменгі көрсеткішінен 100 пайызға жоғарылайтынын атап көрсетті. Арқаулық зейнетақы төлемінің көлемі өмір сүрудің ең төменгі көрсеткішінің 60 пайыз деңгейіне жеткізілетін болады. Біз жалдамалы жұмысшылардың 100 пайызын, жұмыспен өзін өзі қамтамасыз етіп отырған тұрғындардың 40 пайызын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуға қол жеткізетін боламыз. Сондай-ақ мен Үкіметке алғаш рет тұрғындар арасында «Самұрық-Қазына» қорына кіретін ұлттық компаниялар акцияларын орналастыру бағдарламасын жасауды тапсырамын. Осы жылдың аяғына дейін-ақ қор рыноктарына «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазпошта» АҚ акцияларын орналастыруды қамтамасыз ету қажет.  Келесі кезеңдегі 2012-2013 жылдары қор рыноктарына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын шығару керек. Үкіметке бұл жұмысқа Қазақстанда жұмыс істейтін барлық шетел компанияларын қосу қажет. Бұл – олардың біздің азаматтарымыздың алдындағы парызы. «Халықтық ІРО» жүздеген мың қарапайым қазақстандықтарға ірі кәсіпорындардың акцияларын иеленуге, сондай-ақ инвестициялаудың жаңа құралы мен жинақталған қаржыны көбейтуге мүмкіндік туғызады. Акциялардың жекешелендірудің елең-алаңындағыдай бай қалың қалталыларға емес, нақты қарапайым қазақстандықтарға сатылуын бақылау керек, деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Екіншіден, деп жалғады сөзін Қазақстан басшысы, қолжетімді және сапалы білім алуға жағдай туғызылуы тиіс. 2016 жылға қарай білім беруге жұмсалатын шығын ІЖӨ-нің 5 пайызына дейін жоғарылатылатын болады. Таяудағы 5 жыл бедерінде 20 Интеллектуалды мектептерді қоса алғанда, бүкіл еліміз бойынша 400  жаңа мектеп салынады. Бұл мектептерде 12 жылдық білім беруге көшудің арқауы құрылады. Біз техникалық және кәсіби білім берудің тиімді жүйесін қалыптастырамыз. Жоғары білім деңгейін әлемдік стандарттарға дейін жеткізу қажет. Біз мемлекеттік тілге оқытудың жетекші жүйесін құрамыз. Қазақстан азаматтарының  барлығы дерлік қазақ тілін меңгеретін болады. Ақыр аяғында біз педагог мәртебесін жоғарылатамыз. Олардың 20 пайызы кәсібилігін жоғарылата алса, кейбірі бұл үдерістен жетекші әлемдік білім беру орталықтарында өтетін болады.

Үшінші мәселе – қазақстандықтар денсаулығын нығайтуға, медициналық қызметке қолжетімділік пен сапаны арттыруға қатысты, деді Президент. Тәуелсіздік жылдарында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 500-дей жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. 2015 жылға қарай тағы да 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен емханалар тұрғызылатын болады. 2013 жылға қарай алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын жоғарылататын Денсаулық сақтаудың біртұтас ұлттық жүйесі қалыптастырылатын болады. Біз Астанада еліміздегі барлық медицина мекемелеріне эталон болатын болашақтың госпиталін құрамыз. Ол ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне жетекші халықаралық тәжірибенің трансфертін қамтамасыз етеді.

Осының нәтижесінде 2020 жылға қарай өмірдің орташа ұзақтығы 72 және одан да көп жасқа ұзарады. Ана мен бала өлімі 2 есеге төмендейді. Жалпы өлім 30 пайызға қысқарады. Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жақындайды.

Қазақстандықтардың тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту қажет, деп жалғады сөзін одан әрі Мемлекет басшысы. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқасында миллионға жуық қазақстандықтар жаңа пәтерлер мен үйлерде тұрады. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру бізге 2009-2010 жылдары жыл сайын 6,4 миллион шаршы метр шамасында жаңа тұрғын үйлерді іске қосу көлемін сақтауға жағдай жасады. Дегенмен, коммерциялық құрылыс қарқынының төмендеуі мен дағдарысқа қарсы бағдарламаның аяқталуы тұрғын үй құрылысын құлдырауға әкелуі мүмкін. Біз ондайға жол бермеуге тиіспіз.

Сондықтан Үкіметке тұрғын үй құрылысын қолдау және ипотеканы ынталандыру жөнінен шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын, деп атап өтті Президент. Жергілікті атқару органдары тұрғын үй құрылыс жинақтары аясында қымбатқа түспейтін құрылыстар жүргізуді қамтамасыз етуі керек. Сол сияқты тұрғын үй салуды қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктердің қор жинауы да қажет. Ол үшін мемлекет құрылыс кезеңі мен тұрғын үйлерді сатудың басында екінші деңгейлі банктерге мақсатты депозиттер орналастыруы керек. Ондай жағдайда эконом-кластағы тұрғын үйлерді қаржыландыру банктерге қаржы орналастырудың міндетті шарты болуы тиіс.

Осы орайда, Елбасы жеке меншік тұрғын үйлер салу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысын дамытуды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Бұл бағытта жеке меншік инвесторларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасаудың маңызы зор. 2011 жылы тұрғын үй құрылысын қолдауға шамамен 75 миллиард теңге қарастыру керек. Президент атап өткендей, осы шаралардың бәрі жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз етеді.

Біз тұрғын үй-коммуналдық қызмет сапасын арттыратын боламыз, деді одан әрі Нұрсұлтан Әбішұлы. Ауылдық елді мекендердің 80 пайызы және шағын қалалардың 100 пайызы орталықтандырылған таза ауыз суға қол жеткізеді.

2015 жылға қарай республиканың телекоммуникация желісі 100 пайыз цифрландырылып, барлық үйлерде Интернет желісіне, мультимедиалық қызметтің кең көлемді ауқымы мен цифрлы теледидарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

2015 жылға қарай әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50 пайызы электронды түрде көрсетілетін болады.

Одан әрі Елбасы экономиканың сапалы өсуі және әлемнің неғұрлым эко­номикалық қабілетті елдерінің қатарына ену мәселесіне назар аударды.

Өткен жылы кәсіпкерлікті дамытудың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бастау алды. Осы бағдарлама шеңберінде несиелерінің жалпы құны 101,2 миллиард теңге тұратын 225 өтініш субсидиялауға қолдау тапты. 30 жоба бойынша кепілдіктер беріліп, бизнестің 129 субъектісіне қажетті инфрақұрылымдар жүргізілді.

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында индустриялық аймақтарды ұйымдастыру жөнінен жұмыстар қазірдің өзінде басталды, 1175 кәсіпорынға сервистік қолдау көрсетілді.

Қосымша 8 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Бұл бірінші жыл үшін жақсы нәтиже. Қарқынды бәсеңсітуге болмайды, деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Осы ретте Президент Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржы қадағалау агенттігіне дағдарыстан кейінгі қалпына келу бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Бұл міндетті шешуге екі тұрғыдан келу қажет, деді Елбасы. Біріншіден, бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың сауығуына көмек көрсету керек. Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында кәсіпорындарды сауықтырудың кейбір тетіктері қарастырылған. Несиелер бойынша межелік сатыны 3-тен 4,5 миллиард теңгеге дейін ұлғайту қажет. Жаңа бағдарламада борыштары 4,5 миллиард теңгеден асатын кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыру керек.

Одан әрі Президент қаржы жүйесін сауықтыру мәселесіне назар аударды. Дағдарыс кезінде банктердің несиелік портфелі айтарлықтай нашарлады. Банктер әлі нақты секторды несиелеуге кіріскен жоқ, ал ол экономиканың өсуіне кедергі келтіруде. Сондықтан Стресті активтер қорының әлеуетін іске қосу қажет, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Банктер шығындарды мойындауға барып, жұмыс істемейтін активтерді Стресті активтер қорына беруі керек, дей келіп, Президент мұндай мүмкіндіктің тек биыл ғана берілетінін, оның уақытша шара екенін атап көрсетті. Осының бәрі кәсіпорындар мен қаржы ұйымдарына өсу стратегиясына көшуге көмектесетін болады.

Біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену жөніндегі өзіміздің мақсатымызды бір сәтке де ұмытпауға тиіспіз, деп жалғады ойын Мемлекет басшысы. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалуы оған жағдай жасауы керек. ІЖӨ өсімі 30 пайыздан кем болмауы тиіс.

Ұлттық қор активтері ІЖӨ-нің кем дегенде 30 пайызын құрайтын деңгейге қол жеткізіледі. 1400 шақырымға жуық жаңа темір жол желілері, 16 мың шақырымға жуық республикалық маңыздағы автомобиль жолдары салынып, бәсекеге қабілетті әуе тасымалы рыногы құрылатын болады.

Біз экономикамыздың аграрлық саласының, атап айтқанда, етті мал шаруашылығының өнімділігін арттырамыз, деп атап көрсетті Президент. 2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаны құрайтын болады, ал ол 4 миллион тонна астық экспортына тең. Мұның өзі ауылда 20 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға жағдай жасап, 100 мыңнан астам ауылдықтар табыс көздеріне қол жеткізетін күн келеді.

Президент одан кейін саяси жаңғыру, қоғамда бейбітшілік пен тыныштықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Біз саяси жүйені жаңғыртуды жоспарлы түрде жүзеге асыратын боламыз, деді Елбасы. Олардың қатарында Парламенттің, оған есеп беретін Үкіметтің өкілеттіктерін ұлғайту, саяси партиялар мен жергілікті билік органдарының, сот жүйесінің рөлін нығайту міндеттері тұр.

Қарапайым адамдардың алдындағы менмендік, өркөкіректік, кеудемсоқтық – жекелеген шенеуніктердің ең бір «бейкүнә» әдеттері, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Мұндай сорақылықпен, соның ішінде өз арасындағылармен де, партия күрес жүргізуі тиіс. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, шенеуніктер мен жұмыс берушілердің өрескел қылықтарынан азаматтардың құқықтарын қорғауда партия мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыратын боламыз.

Саяси күрес қисыны кейде қатаң бәсекелестікті туындатады, деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Бәсекелестік партияны шынықтырады, тоқмейілсуге және босаңсуға жол бермейді. Бірақ біздің Тәуелсіздігімізді нығайтуда және халықтың әл-ауқатына қол жеткізуде Қазақстандағы барлық партиялар бірге болуға тиіс. Бұл жалпыәлемдік дәстүр. Дәл осындай бәсекелестікке үйрену қажет, тек сонда ғана демократия дамитын болады.

Біз еліміздің төңірегіндегі қайнаған оқиғалар ахуалында өмір сүріп отырмыз. Сондықтан біздің ортақ борышымыз, Қазақстанды сүйетін әрбір адамның борышы – халықтың бірлігі мен елдегі тұрақтылықты сақтау. Барлық азаматтарды, барлық саяси күштерді осыны әркез есте ұстауға шақырамын, деп атап көрсетті Президент.

Менің президенттігіме ғана емес, сонымен бірге біздің елімізге деген сенімнің тарихи актісіне айналуы үшін мен сайлау өткізу жөнінде шешім қабылдадым, деді Мемлекет басшысы. Бұл сайлаудың еркін және әділ болуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз бүкіл әлемге прогресті, біздің халқымыздың өркендеуі мен күш-қуатын көрсететін боламыз. Бүкіл Орталық Азия өңіріндегі үлгілі ел ретінде әлемдік қауымдастықта маңызды да жауапты рөл атқаратын Қазақстанның өскелең әлеуеті мен жасампаз миссиясын бүкіл әлем көретін болады.

Сайлау қорытындысында Мәжіліс міндетті түрде кемінде 2 партиядан тұратын 2012 жылғы Парламент сайлауы да дәл осылайша өтуі тиіс.

Біз басталған реформаны одан әрі тереңдете отырып, құқық қорғау жүйесін нығайтатын боламыз, деп жалғады ойын Президент одан әрі. Коррупцияға қарсы күресті күшейту қажет. Өткен жылы алдындағы жылға қарағанда пара алу жағдайлары 28 пайызға көп анықталды. 800-ден астам сыбайлас жемқорлар сотқа берілді, олардың арасында жоғары лауазымды шенеуніктер де бар. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардан келген 3,7 миллиард теңге шығын кері қайтарылды.

Президент жауапты да белсенді сыртқы саясат жүргізу ісінің одан әрі жалғасып, мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігі нығайтылатынын атап көрсетті. Біз мәңгі достық туралы келісімнің негізінде Ресеймен стратегиялық қарым-қатынастарды жан-жақты дамыта түсетін боламыз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қытай және Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы сенім мен ынтымақтастық одан әрі тереңдеп, АҚШ және Еуропа Одағымен арадағы сындарлы қарым-қатынастар кеңейе түспек.

Биылғы жылы біз Ислам Конференциясы Ұйымын басқаратын боламыз. Қазақстан ШЫҰ, АӨСШК, ЕурАзЭҚ сияқты өңірлік бірлестіктердің жұмысына да белсенді атсалыса береді.

Елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін армияны қару-жарақ пен әскери техниканың озық үлгілерімен жарақтандыру жалғасын таппақ, деді Елбасы. Біздің солдаттарымыз бен офицерлеріміздің лайықты қызмет атқаруы үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

Партия форумы мінберінен біздің балаларымызға, қазақстандықтардың жас буынына үн қатқым келеді, деп жалғады сөзін Мемлекет басшысы. Сендердің біразың Тәуелсіздік жылдарында өсіп-жетілдіңдер. Тәуелсіздік құрдастары 2020 жылы 30 жасқа толады. Сендер басқа өмірді көрген жоқсыңдар, бірақ Тәуелсіздік пен табыстарымыздың бізге оңайлықпен келмегенін сендер білуге тиіссіңдер. Қазір сендер үлкен өмірге қадам жасап отырсыңдар. Ата-аналарың мен Отан алдында өздеріңнің міндеттемелерің бар екенін сезінуге тиіссіңдер. Сендердің өмір жолдарыңды айқындайтын міндеттер сонымен бірге нағыз азаматтың борышы мен құқығы да болып табылады. Мен сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар, тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысын­да көремін. Бұл формуланы мен бүкіл өз өмірім бойына жинақтадым. Ол маған әрқашанда көмектесті. Сондықтан мен оны әмбебап қағида санаймын. Тұлға болу дегеніміз – жауапты болу деген сөз. Ол үшін ағынмен малти бермей, белсенді болу қажет. Кәсіпқой болу деген сөз – өзің шынымен де айналысқың келген өмірлік істі таңдай білу. Және оның өзін жақсы тұрғыда жүзеге асыру керек. Кәсіп дегеніміз – табысты өмірдің негізі. Патриот болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсың. Біздің бәріміз сендерді мақтаныш тұтатындай болайық, деді Елбасы.

Президент одан кейінгі сөзін ата-аналарға арнады. Балаларды тәрбиелеу – сіздердің айрықша азаматтық борыштарыңыз, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. «Баланың бас ұстазы ата-ана» дегенді халқымыз тегін айтпаған ғой. Бүгінде ана мен балаға қолдау жасауда мемлекет орасан зор күш-жігер жұмсап отыр. Олар ұлт болашағына салынған ең сенімді, ең қайырымды инвестициялар. «Болашақ қазақстандықты» толыққанды тұлға ретінде тәрбиелеу – мемлекеттің жастар саясатының мақсаты, және сонымен бірге ата-аналардың міндеті. Баланың айқын азаматтық ұстанымы болып, әлеуметтік белсенді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жоғары білімді маман болуы шарт. Жаңа буын өзгерістерден қаймықпай, керісінше, өршіл, серпінді жобаларды ұсынуы тиіс. Партия жас қазақстандықтар арасындағы жұмысты кеңінен жүргізуі керек. Елдің жастарын біріктіріп, «Жас Ұлан» біртұтас қозғалысын құру қажет.

Осы орайда, Президент «Жас қыран» деген атау бере отырып, жастар ұйымдарының жаңа жүйесін құру жөніндегі мәселені қарастыруды партияға тапсырды. Мен, Қазақстанның тек бай қойнауымен ғана емес, сонымен бірге, Отанның және бүкіл әлемнің игілігіне бағытталған парасатты рухымен, мәдениетімен, өршілдігімен де атын шығарғанын қалаймын, деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Жас қазақстандықтар осы жоғары мақсаттар үшін өмір сүріп, білім алып, еңбек етуі тиіс. Сендер өз армандарың мен жоспарларыңды жүзеге асырып, өз болашақтарыңды құруларың үшін барлық жағдайларды жасадық. Алдағы сайлау біздің болашағымызды таңдау болып табылады. Мен оған сендер – жас қазақстандықтар, бірегей біртұтас командамен менімен бірлесіп жаңа шыңдарды бағындырады деген сеніммен барып отырмын. Мен сендерге сенемін, деп түйіндеді өз ойын Елбасы.

Бүгін «Нұр Отанның» ХІІІ съезінде біз Қазақстанның одан әрі даму векторын айқындаймыз, деді Президент. Сіздер елдің алдында тұрған міндеттерді шенеуніктік емес, қарапайым, түсінікті тілмен әрбір қазақстандыққа жеткізуге тиіссіздер. Олар әркімнің де қарапайым арқаулық құндылықтарына қатысты. Ол – тұрғын үй, денсаулық, білім, отбасы, жұмыс. Даму мен өркендеудің басты мақсаттары да осылар. Біздің жұмысымыздың негізгі бағыттары да дәл осылар болуға тиіс.

ХХІ ғасырда инновациялар дамудың синониміне айналып отыр. Сондықтан өзгерістерге барынша бейімделе білген адам ғана табысқа жетпек.

Бүгін мен партияның алдына жаңа өршіл міндеттер қоямын, деп атап өтті Мемлекет басшысы. 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын лайықты орындау үшін елдің алдағы 20 жылдағы болашағын жобалау және мақсаттарды белгілеп алу қажет. Қазақстанның әрбір өңірі, экономиканың әрбір саласы тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, ең перспективалы және жүзеге асатындай инновациялық жобаларды ұсынуы тиіс. Айталық, олардың энергетика, көлік, мәшине жасау, металлургия, құрылыс, агроиндустрия, мұнай-химия, білім беру, медицина, ғылым салалары болуы мүмкін. Осыған дейін болмаған, бірақ 20 жылдан кейін болатындарды құруды белгілеу қажет. Мұнымен, бірінші кезекте, әрбір министр мен шенеунік айналысуға тиіс. Яғни, саланың 20 жылдан кейін қандай болатынының толық бейнесін жобалау қажет. Мұның өзі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтудің озық тәсілі болмақ.

Біз өзіміздің күш-жігерімізді нақтылы серпінді инновацияларға шоғырландыратын боламыз, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев одан әрі. Оларды жүзеге асыру «Нұр Отан» партиясының таяу 20 жылдағы стратегиялық бағдарламасының негізіне айналады. Осы арқылы біз болашақ ұрпақтың Тәуелсіздіктің 40 жылдығын ондаған тамаша инновациялар табысты жүзеге асқан елде атап өтулері үшін стратегиялық іргетас қалайтын боламыз.

Біз жалпыұлттық «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» ұранын көтердік. Олай болса, Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында халықпен бірлесе отырып, осынау өршіл жобаны жүзеге асыруға кірісейік, сөйтіп, өз болашағымызды бірлесіп құрайық, деді Елбасы.

«Нұр Отан» парт

Размещено: Администратор

Комментарии

Комментировать
Подпишитесь на наш rss-канал и будьте в курсе последних событий.

Нас читают 2 человека. Присоединяйтесь!

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 520 «О ставках таможенных пошлин Республики Казахстан» :
Скачать документ
Техническая поддержка по телефону:
+7 (7212) 33-04-65.

Наш Twitter

Следите за нашими новостями и обновлениями в твиттере.

Онлайн консультации

Если вы используете Skype, то можете бесплатно позвонить нашим специалистам и проконсультироваться с ними.

Самая популярная новость

Общественном объединении (ОО «ОСА»).

Общественном объединении  (ОО «ОСА»).

 ВНИМАНИЕ! ОО «ОСА» (Общество Содействия Автомобилистам) начинает серию публикаций о взаимоотношениях водителей с ИДП, с кратким разъяснением и рекомендациями. 09 июня 2012 г. в 19.10 в г. Караганда по ул. Терешковой в сторону Майкудука, представителями ОО «ОСА» было пресечено правонарушение со стороны офицеров Дорожной полиции. Участники ОО "ОСА" двигались по указанной улице, увидели сотрудников дорожной полиции, которые осуществляли дежурство на частном автомобиле. Патруль был в составе старшего лейтенанта (оформлял протокол) и майора (останавливал автомашины). Выявив нарушение ПДД РК (п.12.4) и п.20 приказа МВД № 455 от 01.09.2011 г. участники объединения подошли к сотрудникам дорожной полиции и обратились к ним с вопросом, почему ИДП, которые государством наделены огромными полномочиями и призваны НЕУКОСНИТЕЛЬНО выполнять требования закона, сами нарушают ПДД и приказ министра МВД. По данному факту была подана устная жалоба в дежурную часть ДВД Карагандинской области по номеру 102. В ходе последующего разговора, сотрудники дорожной полиции признали неправомерность своих действий, устранили нарушение ПДД и продолжили нести службу.

Есть мобильный?

Заходите на мобильную версию сайта http://m.kae.kz. Будьте в курсе последних событий!

Каталог организаций