Юридическое и бухгалтерское сопровождение бизнеса. Информационные услуги.

Расширенный поиск компаний
 

Законопроекты

  • Проект постановления Правительства Республики Казахстан «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2007 года № 452 «Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности»
    Подробности »
  • Проект приказа Министра связи и информации «О внесении изменений в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 220 «Об утверждении Правил регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет»
    Подробности »
  • Проект приказа «О внесении изменений в приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 17 ноября 2010 года № 388 «Об утверждении перечня документов, подтверждающих происхождение товара»
    Подробности »
  • Проект постановления Правительства Республики Казахстан «О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2004 года № 1389 «О некоторых вопросах Национальной железнодорожной компании и национальных перевозчиков»
    Подробности »
  • Проект Решения Комисиии Таможеного Союза «О введении обязательного предварительного информирования о товарах, ввозимых на таможенную территорию Таможенного союза автомобильным транспортом»
    Подробности »

Курсы валют

Курсы валют представлены нацбанком РК.

Скачать

Налоговый календарь на 2011 год, Казахстан

Для просмотра этого файла рекомендуем установить Foxit Reader. Он бесплатный.

Зарплата в Казахстане

Средняя з/п
120 975 тенге тг.
Минимальная з/п
21 364 тг.
Информация предоставлена агентством Республики Казахстан по статистике.
Месячный расчётный показатель
1982 тг.
Юмор

"Ни дать, ни взять" - встреча бизнесменов с чиновниками в присутствии телекамер.

Дүбірге толы дүние

05/08/2011

Серігіңді құтқармай, өзің аман қалмайсың

Қазір қаржы тақырыбы әлемдік әңгімелерге көбірек арқау болып жүр. Алдымен АҚШ дефолт қаупіне ұшырап, әупірім­деп аман қалды. Ендігі әңгіме Еуропаға ауысты. Кәрі құрлық, оның жетекші елдері алда болуы ықтимал экономикалық дағдарысты көтере ала ма дейді.

Иә, әңгіме қар­­­жылық қи­ын­­­дық­қа ұшы­рап, эко­но­ми­ка­лық күй­реу ше­гіне жет­кен елдер туралы емес, қай­та сол Еуро­паға тіреу болып отыр­ған Германия, Фран­­­ция сияқ­ты ал­пауыт елдер жайын­да болып отыр. Алда тағы да экономикалық дағдарыс қиын­дығы туа қалса, олардың бас­қаларға қолұшын берер қау­қары жоқ, алдымен өз қамын ойлауы керек дегенді айтады.

Кешегі әлемдік экономи­калық дағдарыс талайларға қат­ты тиді. Тіпті өздерін да­мыған елдер сана­тына қоса­тындар да басқаларға ала­қан жайып, көмек сұрауға мәжбүр болды. Бұрындары халқының тұр­мыс жағдайына байланыс­ты ал­дыңғы қатарлы елдер сапына қо­сылатын Исландия бірінші болып дағдарысқа ұшы­­рады. Ел үкіметі сырттан алған қарызын өтеуге қаржы­сы жоқтығын, банкрот шегінде тұрғанын мәлімдеді. Кө­мек­ке ХВҚ келді, ауқымды несие берді. Үкімет өз валю­тасын үш мәрте девальва­ция­лады.

Ал енді сол дағдарысқа Еуропа аймағында ойдағыдай төтеп берген, одан қиналмай шыққан Германия мен Франция болды. Оның сырын қазір мамандар мен сарапшылар мы­надай үш жағдайға байла­ныс­­тырады: біріншіден, олар ішкі экономикалық проблема­ларға жедел назар аударып, оны өз күшімен шешті; екіншіден, өз жағдайын оңдап алмай, басқаларға қаржылай көмек беруден бас тартса; үшін­­­шіден, өз­де­ріне бө­лін­ген қаржыны ба­рын­ша қада­ға­лап, тиімді жұм­­­­­­сапты.

Жақсыдан да, жаманнан да са­бақ бар. Ал осы жұрт содан неге қо­ры­тынды жаса­майды деген са­уал-талаптың да жөні бар сияқты. Дағдарыс өтті-ау деген кезеңге аяқ басқан шақта біраз ел, айтарлықтай дамыған елдер қайтадан экономикалық қиындықты бастан кешіп жа­тыр. Соған қарап белгілі ға­лымдар мен сарапшылар дағ­дарыстың екінші кезеңі бас­талды деген пікір айтады.

Ол Грекиядан басталды дейді жұрт. Белгілі дәстүрі, абырой-беделі бар осы ел қарызға белшесінен батып, оны төлеуге шамасы келмей, банкротқа ұшырар шақта оған Германия мен Франция көмек­ке келді – 110 миллиард еуро қаржы берді. Немістер мен француздар қаржысы тасқан­дық­тан емес, Еуроодақтың бір мүшесі қаржылық құрдымға құласа, оның сол құрдымға бас­қа­ларды да тартатынын біл­ді. Соны ойлап, басқалар да үлес қосып, гректерге көмек­тің көлемі 260 миллиард еу­роға жеткен. Бірақ Грекия­ның жағдайы оңала қойған жоқ.

Тек Грекия ғана емес, оның соңынан ергендей, Португалия, Испания, Италия да күр­делі қаржылық қиындыққа ұшы­рады. Италиядай алып державаның мемлекеттік қа­ры­зы жалпы ішкі өнімнің 120 пайызын құрады. Бұл 1,9 триллион еуро! Оны Еуроодақтай алып бір­лестіктің өзі құтқаруы да екіталай.

 

Башар Асадтың  тіректері теңселіп тұр

Дәл оразаның қарсаңында Сирия президенті Башар Асад өз әскеріне бір айдай қоршауда тұрған Хама қаласына басып кіруге бұйрық берді. Қала ішіндегі қақтығыстан 100-ге тарта адам қаза тапқан көрінеді.

Біраздан бе­рі Сирия, оның президенті Башар Асад дау орта­сында. Сонау наурызда ел­де қар­сы­лас­тар бас көтеріп, оны билік күш­пен басқалы бері Батыс президент Башар Асадты айыптап жүр. Қашан да Батысқа қарсы жүретін Ресей Сирияға қарсы қатаң шаралар қолдануға қар­сылық білдіріп келеді. Вето құқы бар Ресей мен Қытай ондай шешімді өткіз­бейтіндіктен де, бұл мәселе БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінде кең талқы­ланбай келген.

Мәскеу Сирияға қарсы санк­­цияны қолдамайтынын ашық аңғартқан. Сондағы дә­лелі – БҰҰ сондай қарар қа­был­даса, Батыс елдері оны артығырақ пайдаланып, Ли­вия­дағыдай жағдай қалыпта­сады дейді. Асад Каддафи емес, ол демократияға жақын, реформалар жасауға әзір дегенді алға тосады. Бірақ Сирия президенті мұндай қолдаудан кейін өзінің оппози­цияға қар­сы жазалау әрекеттерін кү­шейте түсті. Дәл қазір сол Асадтан гөрі оны барынша қолдаған ресейліктер ыңғай­сыз жағдайға көбірек қалып отырғандай көрі­неді. Қисынға салғанда, ау, қызғыштай қор­ға­ғандарыңның түрі мынау, халқын қанға бөктіріп жа­тыр дегенге Мәскеудің қайтарар жауабы қиын.

Басқалар Башар Асадты астарлап қорғаса, Иран ашық қор­ғап келгені анық. Бұл екі ел бір-біріне тіректей. Теһран бұл елден көмегін ая­май­тыны белгілі. Бірақ оның да шегі бар. Онан соң, істің оңға баспай­ты­нына көзі жетсе, олар да өз қар­жы­ла­рын желге шаша бергісі жоқ. Сөйтіп, Сирия би­лігі күн өткен сайын өз тіректерінен айы­ры­лып, теңселе бастады.

Әрине, Сирия билігін тең­селтіп тұрған ең алдымен өз ішіндегі қарсыластары. Барған сайын оппозиция жағына өту­шілер, оны қолдаушылар кө­бейіп келеді. Сарап­шылардың болжамы бойын­ша, елде Асад тәртібіне қарсылар төрт топты құрайды екен: біріншіден, қа­таң билікті айыптайтын зиялы қауым, екіншіден, қуда­ланған бұрынғы билік адамдары, үшін­­шіден, курдтар да оппозиция жағында, төртіншіден, режимге қарсы ислам қозға­лысы. Осы жерде айтатын бір жай: ел халқының көпшілігі сунниттер болса, билік құра­мындағылар да, Асадтың өзі де исламның алауит тармағын ұстанады. Демек, діндарлардан билікке қолдау аз.

Қазір оппозиция айтар­лық­тай күш алып отыр. Түркияда, Ыстам­бұл қаласында Сирияны құтқару ұлттық кеңесінің құ­рылуы оппози­цияның басын біріктіретін күшке айналуы мүм­кін. Сондай-ақ көп нәрседен бейхабар әскерилердің де көз­дері ашыла бастағандай. Олар­дың белгілі бір бөлігі қар­сыластар жағына шығатын болса, Асад режімінің оппозицияға төтеп беруі қиын.

Мамадияр ЖАҚЫП.

Размещено: Дидарбек Батталулы Илимбаев

Комментарии

Комментировать
Подпишитесь на наш rss-канал и будьте в курсе последних событий.

Нас читают 2 человека. Присоединяйтесь!

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 520 «О ставках таможенных пошлин Республики Казахстан» :
Скачать документ
Техническая поддержка по телефону:
+7 (7212) 33-04-65.

Наш Twitter

Следите за нашими новостями и обновлениями в твиттере.

Онлайн консультации

Если вы используете Skype, то можете бесплатно позвонить нашим специалистам и проконсультироваться с ними.

Самая популярная новость

Общественном объединении (ОО «ОСА»).

Общественном объединении  (ОО «ОСА»).

 ВНИМАНИЕ! ОО «ОСА» (Общество Содействия Автомобилистам) начинает серию публикаций о взаимоотношениях водителей с ИДП, с кратким разъяснением и рекомендациями. 09 июня 2012 г. в 19.10 в г. Караганда по ул. Терешковой в сторону Майкудука, представителями ОО «ОСА» было пресечено правонарушение со стороны офицеров Дорожной полиции. Участники ОО "ОСА" двигались по указанной улице, увидели сотрудников дорожной полиции, которые осуществляли дежурство на частном автомобиле. Патруль был в составе старшего лейтенанта (оформлял протокол) и майора (останавливал автомашины). Выявив нарушение ПДД РК (п.12.4) и п.20 приказа МВД № 455 от 01.09.2011 г. участники объединения подошли к сотрудникам дорожной полиции и обратились к ним с вопросом, почему ИДП, которые государством наделены огромными полномочиями и призваны НЕУКОСНИТЕЛЬНО выполнять требования закона, сами нарушают ПДД и приказ министра МВД. По данному факту была подана устная жалоба в дежурную часть ДВД Карагандинской области по номеру 102. В ходе последующего разговора, сотрудники дорожной полиции признали неправомерность своих действий, устранили нарушение ПДД и продолжили нести службу.

Есть мобильный?

Заходите на мобильную версию сайта http://m.kae.kz. Будьте в курсе последних событий!

Каталог организаций